$ 444.22  476.38  4.82

Маңғыстау облысында ит аулаушылар 115 қаңғыбас итті атып өлтірді

Маңғыстау облысы Сайн Шапағатов ауылында малға шабу оқиғасынан кейін 115 ит атылды деп жазады Қазақпарат.

Ауыл әкімі Ғабиден Нұржаубайдың айтуынша, иттердің малға шабуына қатысты 33 оқиға тіркелген. Ауылда түнгі кезекшілік қойылып, көшелер мен қоралар күзетіле бастаған.

«Қазір иесіз иттерді аулау жұмыстары жүріп жатыр. Өткен аптада 85, демалыс күндері тағы 30 иттің көзі жойылды. Тұрғындарға ескерту жасадық. Қарғыбаусыз жүрген иттердің барлығы атылып жатыр. Мал шығынының нақты себептері қазір анықталып жатыр, бірақ біз бұл иттердің шабуылы деп санаймыз. Оны көрген адамдар бар. Қасқыр немесе басқа да жыртқыш аңның ісіне ұқсамайды. Қазір мәселені ауыл ветеринарлары тексеріп жатыр», - дейді Ғабиден Нұржаубай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары