$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да жүктілігін айтуға әкесінен қорыққан қыз далада босанып алған

Шығыс Қазақстан облысында екіқабат боп қалған қыз үй-ішінен өзінің жүктілігін жасырған. Соның кесірінен толғақ мерзімінен бұрын келген.

Көшеде толғақ қысқан ол жедел жәрдем қызметіне жүгінгісі келмеген. Ақыры аяғы ауыр қыз далада өзі босанған деп жазады YK-news.kz сайты.

Басылым келтірген дерек бойынша, биылғы 19 ақпан күні 20:00 шамасында Ана мен бала орталығына шала туған ұл бала (салмағы 1,5 келі) жеткізілген. Кейін анықталғандай, Прапорщиков ауылында көшеден табылған нәрестені үсік шалған.

Баланы далада туған жас ананың өзі ақыры жедел жәрдем көлігін шақырған. Соған қарағанда шақалақты тастап кетуге оның жүрегі дауаламаған. Ал жедел жәрдем қызметіндегілерге ол баланы көшеден тауып алдым деген. Дәрігерлер шақалақты Ана мен бала орталығының жансақтау бөліміне жатқызған. Кейін полицейлер нәрестені тауып алған келіншек шын мәнінде оның анасы екенін анықтаған.

Ана мен бала орталығы нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жанна Мұқанованың айтуынша, ана сәбиін далада босанған, соның кесірінен баланы үсік шалған.

Жергілікті учаскелік инспектор Руслан Оразаметов қызды тауып, сөйлескен кезінде ол баланың анасы екенін, жақындарынан қорыққан соң некесіз туған сәбиін тастанды бала етіп көрсеткенін мойындаған. Яғни, ол баланы тастамаған, тек босанғанын жасырмақ болған.

Қазіргі таңда келіншектің туған-туыстары оның өмірге сәби әкелгенінен хабардар, ары қарай баланы анасы жалғыз өзі өсірмек.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары