$ 444.22  476.38  4.82

«Иттерді қорлағандар жазалансын»: Баян Алагөзованың қызы Алматы облысы әкімдігіне талап қойды

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек Алматы облысында қаңғыбас иттерге көрсетілген қорлық туралы видеороликке қатысты пікірін білдірді.

Еске салайық, осыдан бірер күн бұрын Талғарда түсірілген жантүршігерлік видеоролик әлеуметтік желілер арқылы тез тарап кеткен болатын. Онда қаңғыбас иттерді аяусыз өлтірген сәттер көрініс тапқан. Осы кадрларды көрген Айсәуле қатты шошынып қалса керек, билік өкілдерінен иттерді қорлағандарды жазалауды сұрапты.

«Менің жан-жаунарларды жақсы көретінімді білесіздер. Итім – менің ең жақын досым. Ол мені жақсы көреді, қайда кетсем де үйде жолымды күтіп отырады. Жануарларға барынша көмектескім келеді. Өйткені олар көмекке мұқтаж. Иттерді қорлаған видеоны көргенде жүрегім ауырды. Чехов бір сөзінде жақсы адам иттен де ұялады дегені бар. Ондағы иттерге қорлық көрсеткендер – адам емес. Бұған қатысы бар қылмыскерлердің жауапқа тартылуын талап етемін», - деп Айсәуле Алматы облысы әкімшілігінің осы жәйтті қолға алуын сұрайды.

Сондай-ақ, әкімшіліктің Instagram әлеуметтік желісіндегі тобын көрсетіп, басқаларының да осы топты парақша астына тіркеп қоюларын өтінеді.

Бірақ итке жаны ашимын деген Айсәуле желі қолданушыларының сынына қалды. Баянның қызына ақыл айтқан олар, иттің құқығын қорғағанша одан да аш-жалаңаш жүрген балаларға көмектес дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары