$ 447.4  477.55  4.76

Әжетхана қағазы денсаулыққа аса зиян – сарапшылар

Батыс елдерінің сарапшылары дәретхана қағазының денсаулыққа зиян екенін айтады. Сол үшін оның орнына балаларға арналған сулы салфетка немесе биде қолдануға (сумен жууға) кеңес береді.

Өйткені дәретхана қағазы тазартпайды, керісінше неше түрлі ауру шақыратын бактерияларды қоздырады екен. Яғни, несеп ағу жолдарына инфекция түсуіне себепші болады. Сол үшін дәретхана қағазынан бас тарту керек дейді британдық ғалым Роуз Джордж өзінің «Үлкен қажеттілік» кітабында.

Роуз Джордждың бұл позициясын гастроэнтеролог Парта Нанди де құптайды. Өйткені дәретхана қағазының орнына биде қолданса, ол геморрой ауруын болдырмауға себепші екен. Бірақ биде әр үйде және қоғамдық орындарыда бола бермейді. Сол себептен де дәрігер әр кезде өзіңізбен сулы салфетка алып жүруді ұсынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары