$ 448.89  477.93  4.76

Мына түріңіз енді ұят: Образын өзгерткен Диана Шарапова сын астына қалды

Белгілі әнші Диана Шарапова кеудесі ойық көйлектер кие бастады. Образын өзгерткен әнші тыңдармандар сынына мән беретін емес. Есте болса осыдан бірнеше күн бұрын ол стриптиз билеп тұрған суретін әлеуметтік желіге салып, көпшіліктің сөзіне қалған болатын.

Босанғаннан кейін шығармашылық жұмысына белсене кірісіп кеткен әнші бүгінде жаңа жобасын қолға алған. Ол образын өзгертіп, шашын қиып, кекіл қойды. Бірақ жаңа Диана Шарапованың жаңа келбеті фанаттарына ұнамаған секілді, оның кеудесі ойылған, төсі ашық көйлегі көпшіліктің көңілінен шықпапты.

«Мына түріңіз енді ұят» деген әлеуметтік желі қолданушыларына Диана Instagram-парақшасында «Ең бастысы кеудесі ойылған бұл көйлек өзіме ұнайды» деп жауап жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары