$ 445.66  474.58  4.78

Сендер халықты тонап отсыңдар: Жанармай бекеті көлік жүргізушілерін алдап келген (ВИДЕО)

Жанармай бекеті көлік жүргізушілерін алдап келген. Бұл туралы Мейрам Жұмағалиев есімді Facebook қолданушысы өз парақшасында мәлімдеп, сөзіне дәлел ретінде видеоматериал жүктеді.

Оқиға Қазақстанның қай өңірінде және қандай жанармай құю бекетінде болғаны белгісіз. Кадрлардан жанармай орнына құр ауа шығарып жатқан колонка пистолетін көруге болады. Видео авторы бекеттегі қызметкерді балағаттап, олардың барша клиентті алдап келгенін айтады.

Клиенттен боқтық естіген оператор өзінің бұған кінәлі еместігін, шағымды басшылыққа айтуын талап еткен. Жанармай бекетінің атын айтудан да ол бас тартады.

ЕСКЕРТУ: Видеороликте бейәдеп сөздер кездеседі!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары