$ 446.49  475.38  4.79

Оралда 82 жастағы әжейді 2 күннен бері туыстары таба алмай жатыр

Оралдық 82 жастағы Қанипа Мұсақаева 22 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Туыстары кешелі бері баруы мүмкін деген жерлердің бәрін іздеп, оны таппаған деп жазады "Уральская неделя".

«Ол Альцгеймер ауруына шалдыққан. Қазір істегенін қазір ұмытып қалады. Үйден шығып, автобуспен бір жаққа кетіп қалған. Бүгін екі күн болды. Қайда барып іздерімізді де білмей қалдық», – дейді әжейдің келіні.

Қарт кісінің үстінде сұр тоқыма, аяғында етік, басында ақшыл сұр түсті баскиім болыпты.

Туыстары жергілікті полицияға арыз жазып қойыпты.

Қанипа әжейді көрген-білгендер болса, төмендегі байланыс телефондарына хабарласа алады:  87023619941, 87756979090.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары