$ 443.85  474.3  4.8

Жезөкшелер, байқаңдар! Рэпер Жан Ахмадиевтің енді жаңа қамшысы бар

Атышулы рэпер Жан Ахмадиевке отандық кәсіпкерлердің бірі қамшы сыйлады. Осынау қуанышты сәтімен мақтанған «жұлдыз» сыйлықпен бірге түскен суретін өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.

«Үш қоңыр» автовокзалының директоры Батыр браттан керемет сыйлық алдым. Рахмет!» - дейді рэпер аталған жазбасында.

Бірақ қамшыны сыйлыққа алған Жан Ахмадиевті әлеуметтік желі қолданушылары мазақ қылды. Кейбірі құтты болсын айтса, енді бірі «көшедегі қыздардың бәрін сабашы», «тағы хайп ұстап, өз әйеліңізді сабайын дедіңіз ба?» деген секілді пікірлер қалдырған.

Еске салсақ, осыдан бір айдай уақыт бұрын рэпер Жан Ахмадиев Алматыдағы «жезөкшелерді» қамшымен сабаған болатын. Полиция іске араласа бастағаны сол екен, Жан қорықты ма, әйтеуір ешқандай жезөкшені сабамағанын, бұл видеоның арнайы түсірілім екенін айтып ақталды. Артынша белгілі болғаны, оның қамшымен ұрған қызы өзінің әйелі болып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары