15.05.2018, 11:16

Қарағандыда Қазпошта қызметкері басшысымен болған әңгімеден кейін асылып қалған

Мөлдір ТАПИНА Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Қазпочта мекемесінде кассир болып қызмет атқарған. Ақпан айынан бері жұмысына жауапты, бір тыйын артық не кем шығармай келген жас маман 17 сәуір күні ауырып қалып, науқас парағын аштыртқан. Алайда, 3 мамырда Қарағандыдан келген комиссия мүшелері бастықтарымен бірігіп, оны шұғыл жұмысқа шақыртыпты. Олар құжаттардағы сандардың жетіспейтінін айтып, жас қызметкердің мойына 960 мың теңге ілінген.

Қан аздық дертіне шалдыққан Мөлдір анасына 9 мамыр күні қоңырау шалып, мойнына ақша ілінгенін және оны алмағынын айтып жылапты.

«Қызым жүрегіне тез қабылдайтын жан. Маған телефон соғып, ақша ілінгенін еңіреп айтты. Мен уайымдама, сотқа, прокуратурасына шағымданамын. Болмаса, әкеңнің тракторы бар соны сатып, амалын жасаймыз деп қызымды жұбаттым. Жүрегіне қатты алғанын сезіп, ертенінде үйіне жеттім. Барсам, үйі ашық. Бірден бөлмесіне барып едім, ілгішке асылып тұр екен. Шешіп алдым. Ыстық дем сезілген соң, бірден жедел жәрдем шақырдым. Бірақ олар жүріп кеткенін айтты»,- дейді қайғы жұтқан Айнаш МАНАБАЕВА.

Артында қалған сегіз жасар қызы мен жолдасы Мөлдір Тапинаның өзін ажалға қиятындай ешбір белгі білдірмегенін айтады. Марқұмның жолдасы Аслан ТҰРСЫНОВ Қазпошта басшылары тарапынан қысым болғанын айтып отыр.

«Бастығы Мөлдірді қорқытыпты. Неше күн Мөлдір айтпаған ғой ішіне сақтап жүрген. Бастығы айтқан күйеуіңді де жұмыстан шығарамыз. Ақшаны орнына салмасаң сотқа жібереміз деп коммисия мүшелері де дауыс көтерген. Қаржы полицияға айтып қаматамыз деген», — дейді Аслан Тұрсынов.

Қазпошта басшылығы кассир көмекшісі болып қызмет атқарған Мөлдір Тапина жетіспеген қаражатты өзі алғанын айтып, қолхат жазып кеткен дегенді алға тартып отыр.

Дереккөз: Жас Алаш

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.