$ 444.22  476.38  4.82

Теміртауда бес адамға оқ атқан күдікті тұтқындалды

Қарағанды облысында сот Теміртауда бес адамға оқ атқан күдіктіні тұтқындады деп хабарлайды Теміртау қаласы сотының баспасөз қызметі.

"Күдікті деп танылған Теміртау қаласының 20 жасар тұрғынының ісі бойынша тұтқынға алуға санкция шығарылды.

Күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Еске сала кетейік, 10 мамыр күні Қарағанды облысының Теміртау қаласында атыс салдарынан 18 бен 25 жас аралығындағы 5 жас жігіт ауруханаға жеткізілген. Қаланың 20 жасар тұрғыны жігіттермен сөзге келіп қалғандықтан, оқ атқанын мойындады. Аталмыш факті бойынша, ҚР ҚК "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейін тергеу басталып кетті.

Айта кетейік, Теміртау қаласында бес адамға оқ атты деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталған болатын. Бұған дейін дәрігерлер атыстан жапа шеккен азаматтардың хал-жайы туралы хабарлаған. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары