$ 444.22  476.38  4.82

Ерке Есмахан: «Қайтып келген қыз да ханзадаға тұрмысқа шыға алады»

Күні кеше ғана Англияда өткен ұлан асыр тойдан кейін әнші Ерке Есмахан да желіге көңілді жазба қалдырып, өзінің де болашақта нағыз ханзадаға тұрмысқа шығатынынан үмітті екенін айтты.  Өйткені әнші Меган Марклді өзімен тағдырлас деп есептейді екен.

«Англияда корольдер отбасында дүбірлі той! Кенже ұлдары Гарри принц Меган Марклге үйленіп жатыр. Маxаббат жасқа, нәсілге қарамайды. Меган 36-да, шешесі қара нәсілден, бұрын тұрмыста болған екен. Ал Гарри баламыз принц, жасы 33-те. Шын ғашық болған принц ештеңеге қарамай үйленіп жатыр!

30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та жаңа өмір бастауға, тіпті принцке тұрмысқа шығуға болады екен. Міне, Меганның алғашқы некесі сәтсіз болды, бірақ пешенесіне король отбасына келін болу жазылыпты. Тойында дүние жүзінің ең мықтылары, өнер, спорт, кино әлемінің қаймақтары жүр.
Алла тағала нағыз бақытты ештеңеге қарамай бұйырта береді екен!

Сондықтан, қыздар, мұңаймаңыздар! Өмір алда! Ертең-ақ қазақтың қайсар мінезді бір принцінің келіншегі болып отырасыздар! Рамазан айында бізде той жоқ. Мені тойсыз қалмасын деді ма екен, Елизавета-ІІ королева әпшем дайректке xат жазған: "Ерке, келіп, 1-2 ән айтып кетші" - деп, бірақ бара алмадым. Шаруам көп! Оның үстіне ол жақта тек жанды дауыста ән айту керек қой деп өзіңе сенімсіз боп қалсаң! Бақыт тіледім!», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары