$ 443.85  474.3  4.8

Өз жерімізде қытайларға құл боламыз ба? «Маңғыстаумұнайгаз» жұмысшылары наразылыққа шықты (ВИДЕО)

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на қарасты Жетібай кенішінің жұмысшылары «кәсіпорын басшылығына қазақ келсін» деп наразылыққа шықты. Талаптары орындалмайынша еңбеккерлер жұмысқа шықпаймыз деп шешім қабылдаған.  

Наразылық акциясына кен орнының 100-ден астам жұмысшысы жиналған.

«Қытай басқара ма не сонда қазақ елінде тұрған біздерді. Біз сонда құл боп жүреміз бе?», – дейді жұмысшылардың бірі.

Видеода көптің сұрағына жауап беруге келген компания өкілі қытайдың басышылыққа келуі мүмкін емес дүние екенін түсіндіруге тырысады. Десе де, еңбеккерлер оның бұл сөзіне сенбейтіндерін айтып, нақты іске көшуін сұрайды.  

«Жоқ. Біз талаптарымыз орындалмай, ешқайда жұмысқа шықпаймыз», – деп кесіп айтты олар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары