$ 498.34  519.72  4.85

Телібеков Назарбаевқа: «Рамазан айында Сағадиевті қызметінен алып, халыққа сыйлық жасаңыз»

Қоғам белсендісі Мұрат Телібеков Мемлекет башсысы Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу арнап, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қызметінен босатуын сұрады.

Телібековтің айтуынша, министрдің енгізіп жатқан реформаларынан мұғалімдер де, оқушылар да, тіпті халықтың өзі де әбден мезі болған.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Бүкіл Қазақстан халқының атынан сізден өтінерім, министр Ерлан Сағадиевті қызметінен босатыңыз. Сізге өлгенімше разы болып өтемін! Ол өзіне артылған міндетті орындай алмай келеді. Қаншама адамды әуреге салып қойды. Біраз уақыт демалсын, тәжірибесін арттырсын, ақылына ақыл қоссын. Осы күнге дейін өзіңізден ешнәрсе сұраған емеспін. Бірақ, қазір шыдамның шегі бітті. Миллиондаған мұғалім, оқушылар мен студенттер зардабын тартып келеді. Алла атымен сізден сұраймын, мына министрді орнынан алып тастаңыз. Қасиетті Рамазан айында халыққа сыйлық жасаңыз», - деп жазды Телібеков Президентке арнаған үндеуінде.

Айта кетейік, Ерлан Сағадиев 2016 жылдың ақпанынан бері Білім және ғылым министрі лауазымында. Осы екі жылдан астам уақыт ішінде ол білім беру саласына көптеген өзгерістер енгізіп, қоғамның сынына әліге дейін ілініп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары