Бұл туралы желідегі парақшасында жазған.
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі "Базар жоқ" әзіл-сықақ театрының бұрынғы құрамымен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы желідегі парақшасында жазған.
"Осындай сұрақтар жиі қойылады. Біріншіден жігіттер баяғыдай жас жігіттер емес. Қазір уже әрқайсысы бір төбе. Дүркіреткен аты бар. Әзіл-әлемнің жігіттері жеке орындаушылар. Басқа тарптар сияқты қандай да бір қойылым қойып, актер ретінде рөлді сомдамайды. Оны шатастырмаңыздар. Жігіттермен Тұрсынбектің қарым-қатынасы өте жақсы. Араласады. Бәрі әр-кез алғысын айтып, концерт қояр алдында мәдениетті түрде алдынан өтіп барып өздері гастрольге шығып жүр. Неге десеңіздер, қазір онб бар, киноға түсіп жүр, әрқайсысының өзінің мықты энергиясы бар. Баяғыдай емес уже бір сахна сыймайды бәрі. 7–10 минут оларға аз. Бәрі өз өнерін көрсетіп сахнада ұзақ тұрғылары келеді. Бәрі 20,30 минуттан тұрса онда концерт 3,4 сағат болып кетері анық. Сол себепті ол мүмкін емес. Аты жер жарып тұрған мықтыларға номеріңді қысқарт деп те айта алмайсың. Сондықтан тарап кетті, ойып қалды деп бос әңгіме. Алла жазса алдағы уақытта үлкен юбилейный концерттерін беретіні анық. Біздің жігіттер жетістікке жетіп жеке концерт берген сайын Тұрсынбектің мақтанып, марқайып отыратыны рас", - деп жазды ол.