$ 448.15  483.46  4.86

28 жастағы алматылық ару 17 жігітпен кездесетінін айтты

Өз есімін атамауымызды өтінген бойжеткен өзінің 17 жігітпен кездесетіні туралы айтты деп жазады Newtimes.kz.

Гүлназ (өзгертілген) заңгер мамандығын тәмамдағанымен, қазір фитнесс залында бапкер болып жұмыс істейді екен. Өзінің сегіз жігітімен ол жұмыс орнында танысыпты. Оның жүретін жігіттерінің ішінде полиция қызметкері, дәрігер, менеджер және риэлтор да бар екен.

«Жұмыс орныма келетін жігіттермен жәй көңіл көтеру үшін кездесемін. Арамызда ешқандай жыныстық қатынас болған емес. Кейде біреуімен құшақтасып, аймаласу үшін басқаларынан тығылуға тура келеді. Бірақ мен 17 жігітімнің барлығымен жыныстық қатынасқа бармаймын. Өзіме ұнайтын үшеуімен ғана жақын қарым-қатынастамын», – дейді алматылық ару.

Ал қалған бес жігіті басқа қалаларда тұрады екен. Гүлназ оның ішінде біреуін ғана ұнататынын айтады. Қалғандарынан сыйлық алып тұру жақсы дейді.

«Жігіттермінің барлығы жұмысбасты. Біреуі дәрігер, біреуі полиция, енді бірі менеджер болып істейді. Көп жігітің болғанда тұрған ештеңе жоқ. Қазір мен сұлумын, әрі жаспын. Сол себептен өмірдің қызығын көріп қалғым келеді», – деген алматылық ару болашақ жарын осы 17 жігіттің ішінен таңдайтынын жасырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары