Пәктікпен әрбір қыз ертелі - кеш қоштасады. Алғашқы жыныстық қатынас кез келген бұрымды үшін өте маңызды. Өйткені дәл сол мезетте ол өзін ер адамға ұнамды екенін сезініп, ләззатқа батады деп жазады Comode.kz.
Қанша жаста жыныстық қатынасты бастаған жөн? Дәрігерлердің айтуынша, жас қыздардың жыныс мүшелерінің ішкі қабатының микрофлорасы дұрыс қалыптаспаған саналады. Қынаптың ішкі қабаты жұқа болады. Сол себепті оған зақым келіп, ісіп қызару процесі болуы мүмкін. Әрі бұл жаста асқан сезімталдық да болмайды. Жас қыздың дене бітімінің толығымен қалыптасып бітуі 17-18 жаста аяқталса, ал оргазмды тек 19-20 жасында ғана сезіне алады екен.
Сондықтан ерте есеюге асықпаған жөн. Мұндай маңызды істе өзіңізді тыңдаған дұрыс. Ішкі сезім не дейді? Егер сүйікті жігітіңіз «мені шын сүйсең, менімен жату керексің» деген шарт қойса, онда оның сізге деген сезімі шынайы емес. Шын сүйген адам күтеді, бағалайды және ешқашан асықтырмайды. Құрбы қыздарыңызға еліктеп олардан да ақыл-кеңес сұрамаңыз. Тек өзіңізді тыңдаңыз. Егер жігітіңізбен өзіңіз жыныстық қатынасқа түсуге бел бусаңыз, онда көптен бері танитын, өзіңіз шын көңіліңізбен қалайтын адаммен болыңыз. Бұл ретте ер адамның «жыныстық тәжірибесі» болуы керек. Бірінші жыныстық қатынасқа түсу үшін әрбір ару үшін көп уақыт дайындықты қажет етеді. Соны түсінген жігіт асықпай, үлкен ептілік танытқаны дұрыс.