$ 448.15  483.46  4.86

Бекзатымды дәрігерлер тууға рұқсат берген жоқ – Саттархановтың анасы (ВИДЕО)

Ел мақтанышы болған Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы ұлы жайлы естеліктерді 7-арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында айтып берді. Көзі тірі болса биыл 40 жасқа толатын ұлын дәрігерлер көтеруге де рұқсат бермепті.

Небәрі 20 жасында чемпион атанған Саттарханов анасының 4-ұлы екен.

«Бекзатта мүлдем рұқсат етпеді. Мақсат пен Бекзаттың арасы 3 жас. Үйдегі көкеміз «бала жетеді» деп 4 айлық баламды ойбайлатып алдырып тастаған. Қашып жүріп, ол кісіге де айтпай жүре бердік. Айтуға қорықтым, ол кісі де есепке тұрғаннан кейін білді. Саған бала керек пе, жан керек пе, деп ашуланды. Дәрігерге барғанда бәріне де өзім жауап беремін дедім. Қыз баланы босанып алайын деп, ақыры Бекзатым дүниеге келді», — Сырлыгүл Шойбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары