$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте жас жігіт үйленген күні ауруханаға түсіп, артынша қайтыс болды

Үйленіп, беташар өткен күні ауруханаға түскен 23 жастағы Еркебұлан жаңа тіккен отауына қайтып оралмады. Туыстары оның өлі денесін мәйітханадан алып шыққан. Артында қалған 17 жастағы жары мен марқұмның жақын туыстары Шымкенттің жедел жәрдем ауруханасы мамандарын баласының өліміне тікелей кінәлі деп айыптап отыр деп мәлімдеді 31-телеарна.

Еркебұлан Исмайыл үйленген күні асқазандағы жарасы мазалап, жедел-жәрдем ауруханасына түскен. Денесін кеспей-ақ ота жасауға ауруханада құрылғы болмағандықтан кесу әдісімен ота жасалып, төрт күнде-ақ үйге шығарылды дейді жақындары. Алайда ыстығы түспеген соң шақырылған жедел жәрдемнің алғашқысы да, кейінгісі де ауруханаға апарудан бас тартқаны туыстарының ашуын келтірген.

"Департаментке барамын дегеннен кейін ғана баланы қабылдайды. Мен білмеймі, түсінбеймін, баланы бірден қабылдау керек қой температурасы көтеріліп тұрса. Оның үстіне операциядан кеше ғана шыққан. Не деген сұмдық бұл?" - дейді Еркебұланның нағашы әпкесі Алмагүл Артықбаева.

Мамандарының біліктігі төмен деген марқұмның туыстары кінәлілер қызметінен кетсін деп отыр.  

"Бұлардың медбикелері жараны таңу үшін 500 теңге, науқасқа қарау үшін тағы ақша алады. Ақша болмаса сөйлеспейді. Екінші ауруханада асқазанның операциясы 500 мың теңге тұрады екен. Менің сіңілім, күйеу балам қай жақтан бес жүз мың теңгені тауып береді?" - деп ашынды марқұмның нағашы апасы Сая Артықбаева.

Марқұмның ет жақындары ең сорақысы, «науқас вирусный гепатиттен қайтыс болды» деуі дейді. Бір апта бұрын дені сау деп үйіне жіберілген балаға аурухана жұқтырмаса, ол қайдан келеді деп таңданғандарын айтады. Ал өздерін кінәлі деп есептемегенімен, аурухана бас дәрігерінің орынбасары бастаған арнайы топ Еркебұланның қазасына орай үйіне келіп көңіл айтқан. Әкесі мен анасынан кешірім сұраған көрінеді. Кешірдік деген туыстары бір Аллаға салдық деп, мәйітті қайта қаздырмаймыз деген шешімге келгенін айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары