Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

28.10.2018, 12:12

Қызылордада 11 баланың анасына баспана берілді

Ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев «Құрмет» орденінің кавалері, Социалистік Еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана Сәлима Жұмабековаға жаңа үйдің кілтін табыстады, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылордада егін жинау науқанының аяқталуына орай мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Салтанатты шарада облыс әкімі диқандарды егін жинау науқанының сәтті аяқталуымен құттықтап, сала бойынша үздік қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттады.

«Алтын дән» еңбек мерекесінде Социалистік Еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана, Ыбырай Жақаевтың шәкірті Сәлима Жұмабековаға жаңа баспананың кілтін өңір басшысы тапсырды.

«Сыр елін «Алаштың анасы» деп атайды, ал Сәлима Жұмабекқызын «Сыр анасы» деп атауға болады», - деді Қырымбек Көшербаев.

Өз кезегінде Сәлима апа облыс басшылығына қамқорлығы мен жаңа кең баспана үшін алғысын білдірді.

Сәлима Жұмабекова 1935 жылы 25 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, сондай-ақ, өзі туған ауылда ауылдық кеңесті басқарған.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.