11.11.2018, 13:11

«Мысықтың қарғысы өтті»: қызылордалық ер азамат отбасы мен қызынан қалай айрылып қалғанын айтты

Қызылордалық 36 жастағы Рүстем өзінің қарғыс құрбаны болғанына сенімді. Қызығы сол, оны адам емес, мысық қарғапты. Өзі осыған сенімді деп жазады Nur.kz.

Қазір Рүстем бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрады. Білімі болса да, тұрақты жұмыс таба алмай жүр. Әйелімен 3 жыл бұрын ажырасып кеткен. Ол балаларымен араластырмайды. Айтуынша, бірнеше жыл бұрын бақытты өмір сүріпті. Тек бір оқиғадан кейін оның өмірінің астан-кестеңі шыққан.

"Менің отбасым болды, бақытты өмір сүрдік. Аса дәулетті болмадық, бірақ ақша тапшылығы болған жоқ. Әйелім екеумізде бірнеше дүкен болды, балық сатумен айналыстық. Үйге қайдан келгенін білмеймін, бір мысық пайда болды. Оны бәрі жақсы көретін, қызым тіпті бірге ұйықтайтын. Содан да болар, үйден қуып жібермедік", - дейді Р.стем.

Бірде жазда аталған мысық 6 марғау туып тастапты. Рүстем оларды қайда жіберерін білмей, біраз бас қатырыпты. Ешқандай таныстары мысықтарды алғысы келмеген.

"Бірде мен үйге мас боп келдім. Ешкімді жақтырмай тұрғам. Бұрышқа қарасам мысық балаларын емізіп жатыр екен. Қалай болғаны есімде жоқ, марғауларын алдым да, ваннадағы суға біртіндеп тұншықтырып өлтіре бастадым. Әйелім мені қанша тоқтатқысы келсе де қоймадым. Мысық болса көз алмай қарап тұрды да, кетіп қалды. Қайта келмеді", - дейді Рүстем портал тілшісіне берген сұхбатында.

Осы оқиғадан кейін Рүстемнің өмірі күрт өзгерген. Ол бір сәтте барынан айрылыпты. Ең ауыр қайғысы - қызының қазасы. Бұл жағдайдың бәріне сол мысықтың қарғысы себеп болды дейді ер азамат.

"Жазда отбасыммен көлге демалысқа бардық. Сол кезде қызымыздан айрылып қалдық, қасқағым сәтте ол суға батып кетті. Оның мәйітін құтқарушылар 6 күн бойы іздеді. Әйелім есеңгіреп қалды. Бизнеспен айналысатын шамамыз да болған жоқ. Ал, мен отбасымды қолдаудың орнына ішкілікке салындым", - дейді ол.

Қызының қазасынан кейін әлгі мысық қайта келіпті. Артынша үй өртеніп, ақша, дүние, құжат түгел жанып кеткен.

"Өрттен кейін біз жалға беріп отқан пәтерімізге көшіп бардық. Мен ішкілікті жалғастыра бердім. Ақша мүлдем таусылды. Әйелім әйтеуір жан бағу үшін табыс тауып отыратын, қалай екенін білмеймін. Көп ұзамай ажырастық, мен пәтерді балаларыма қалдырдым. Қазір құрылыста жұмыс істеймін, пәтер жалдап тұрып жатырмын", - деп жағдайын айтты Рүстем.

Ол қайғының бәріне мысықтың қарғысы себеп болғанына сенімді. Өйткені, сәтсіздіктің бәрі осы оқиғадан кейін болған.

"Бірде түсіме қызым Айару кірді. Ол мен өлтірген 6 мысықпен ойнап жүр екен. Сонда мен түсіндім, жануарларды өлтірмеуім керек еді. Қазір тек өкініш қана өзегімді өртейді, мысыққа жасағаным өз басыма түсіп отыр", - деп сөзін түйді қызылордалық тұрғын.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.