$ 492.17  522.39  5

13 жасында әкесі зорлаған: Қазақстандық белсенді зорлық-зомбылықтың тағы бір құрбаны жайында айтты

Қазақстандық әйел өзін кішкентай кезінде әкесі бірнеше жыл бойы үздіксіз зорлап келгенін айтқан. Салдарынан ол 13 жасында жүкті боп қалыпты. Бұл туралы «Немолчи» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова  Facebook-парақшасында жазды.

Дина Смаилова әкесінің құрбаны болған Бибинұр (аты өзгертілген авт.) есімді әйелмен кездесіп, онымен бірнеше сағат бойы әңгімелескен.

Бибінұр бала кезінен әкесі анасын ұрып-соққанын көріп өседі. Ал өзін қай уақыттан бері ұрып келгені есінде жоқ. Бір күні ұдайы ұрудың салдарынан анасында түсік болған. Сол кезде оны шешіндіріп, алдында билетіп, әбден қорлаған. Әйелдің айтуынша, әкесі түсіктің түскенін тамашалап отырыпты.

Бибінұр 12 жасқа келгенде анасы мен әкесі ажырасып кетеді. Қыз әкесінде қалып, анасы ұлын өзімен бірге алып кеткен. Анығын айтқанда, ол әйелін қорқытып, қызын бермей қояды. Сөйтіп 12 жасар Бибінұр ерте жастан үй тірлігімен айналыса бастаған.

Әкесі түрмеден шығып келгендіктен ешқайда жұмыс істемеген. Бір күні ол қызын мәпелей бастайды. Алайда, оның арты зорлаумен аяқталған. Бұл азғындық кейін әдетке айналыпты. Ер адам жыныстық қатынас кезінде қызын ұрып-соққан.

Бір күні 13 жасында Бибінұр әкесінен жүкті боп қалады. Сол кезде әкесі қолынан жетектеп аборт жасатуға өзінің әпкесіне апарған. Ол жаны ашып қызға 200 теңге береді.

Осыдан кейін Бибінұр әкесімен жақындасудан қашады. Бірақ, бұл әрекеті сәтсіз аяқтала берген.

Кейіннен Бибінұр мектепті тастап, базарда жұмыс істейді. Ақша тауып, үй сатып алады. Бірақ әкесі қызын зорлауын еш тоқтатпаған.

Ақыры Бибінұр үйін тастап, әкесінен қашып кетеді. Сөйтіп анасын іздеп тауып, оған да үй сатып әперген. Ал өзі тұрмысқа шығады. Балалары бар, алайда қазір күйеуімен арасы тәуір емес екенін жеткізген.

Смаилованың айтуынша, қазір Бибінұрдың әкесі оның үйін де тартып алмақшы екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары