$ 445.66  474.58  4.78

«Өз ойымның» продюсері Нұрболханды видео-батлға шақырды (ВИДЕО)

«7-арнадан» шығатын «Өз ойым» ток-шоуының продюсері Жангелді Таңатбекұлы пәктігін саудалаған бойжеткеннің шындығын әшкере еткен Нұрболхан есімді әзілкешті видео-батлға шақырды. Продюсердің бейнеүндеуін әзілкеш өзінің Instagram-парақшасында жариялаған.

«Өз ойымның артын аштым деп алты алаштан сүйінші сұрап жүрген Нұрболхан, мен сені ертең видео-батлға шақырамын. Қай жерде болатынын жекеңе қалдырдым»,-деген продюсер бейнежазбада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрболхан есімді жігіт «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге саудалаған бойжеткеннің рөл ойнағанын айтып, бағдарламаның өтірігін ашқан болатын.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары