$ 494.87  520.65  4.91

Елордада ер адам 4 метрлік құдыққа түсіп, тұншығып қалған баланы сыртқа шығарып алды

11 сәуір күні сағат 17:30-да елордада 7 жасар ұл бала су толы 4 метрлік құдыққа құлап кеткен. Ауладағы балалардың жан даусын естіген ер адам дереу құдыққа түсіп, баланы сыртқа алып шыққан деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

1988 жылғы Талғат Сапаров есімді ер адам құдыққа түсіп, баланы сыртқа шығарып алған. Алайда оқушы дем алмай жатқан. Жедел-жәрдем  келгенше оған алғашқы көмек көрсетіп, өкпесіне массаж жасаған. Бірнеше минуттан кейін бала дем ала бастаған. 

Сәби № 2 ауруханаға жеткізілді. 

Баланы өлімнен арашалап қалған Талғат Сапаровты төтенше жағдайлар департаментінің басшысы арнайы қабылдап, алғыс айтпақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары