$ 498.51  522.84  4.81

«Өз ойымның» өтірігін ашқан Нұрболхан Ләйлә Сұлтанқызының өзін ашық сөйлесуге шақырды

Жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге сатамын деп елді дүрліктірген қыздың рөл ойнағанын әшкере еткен Нұрболхан тағы да әлеуметтік желі оқырмандарын аузына қаратты. Бұл жолы ол Instagram-парақшасында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын аталмыш бағдарлама продюсерінің артына тығылмай, ашық сөйлесуге шақырды.

Ол әлеуметтік желіде «Халықтың сүйіктісі» атағына ие болған Ләйлә Сұлтанқызының сұхбат берген сәтін жүктей отырып, тележүргізушіні сынның астына алған.

«Құрметтi Ләйлә Сұлтанқызы! Мына сұхбатыңызды көрiп, күлкiден өлдiм.  Халықтың сүйiктiсi болу үшiн шынайы болу керек, алдамау керек. Жаманды жасыруға, жақсыны асыруға, бiреудiң ала жiбiн аттамауға тырысамын. Өтiрiк iстей алмаймын. Бiреуге менiң зияным тимеу керек дейсiз бе? Айтқан сөздерiңiздiң бәрiн керiсiнше iстедiңiз ғой», – дей келе, әзілкеш оқуынан қуылып қалған қыздың тағдырын ойыншық еткен тележүргізушіге сөзі жоқ екенін айтқан.

Сонымен қатар, Нұрболхан «Өз ойым» бағдарламасының тележүргізушісі Ләйләнің өзін ашық сөйлесуге шақырды.

«Мен сiздi өте жақсы бiлемін. Сiз айтылған сын-пiкiрлердi өте қатты, жүрекпен қабылдайсыз. Сондықтан да, менi блокқа таққан шығарсыз. Бiрақ, жеткiзетiндер табылар. Анау продюсер балақайдың артына тығылмай, медиа- батлға шығыңыз.Оған не жоқ, өзiнше хайповать еткiсi келедi. Оның рейтинг не теңi. Опщым, Ләйлә ханым батлға шықсын ба, ағайын?», – деп көпшілікке ой тастаған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрболхан есімді жігіт «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге саудалаған бойжеткеннің рөл ойнағанын айтып, бағдарламаның өтірігін ашқан болатын. Ал, ток-шоудың продюсері Жангелді Таңатбекұлы пәктігін саудалаған бойжеткеннің шындығын әшкере еткен әзілкешті видео-батлға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары