$ 494.87  520.65  4.91

«Жағамды ұстадым»: Алтынай Жорабаева қаршадай қызды масқара еткен «Өз ойым» бағдарламасын сынға алды

 

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева пәктігін 2 миллион теңгеге саудалаған қызды экранға шығарып, оның тағыдырымен ойнады деп, «Өз ойым» бағдарларламасын сынға алды. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазған.

 

«@nurbolkhan бауырымның жазғанын оқып , жағамды ұстап отырмын. Қаршадай қызды бүкіл елдің алдында осылай шығарып отырған «Өз ойым»  бағдарламасына тіпті айтар сөзім жоқ. Бұл бағдарлама рейтинг үшін тағы қандай қадамдарға барар екен? Өнер адамы болып, xалықтың алдына шығып жүрген соң, мұндай масқара жағдайларға бей-жай қарай алмаймын! Ұлтымызды, дінімізді, құндылықтарымызды қайдағы жоқ, болмайтын тақырыптар қозғап, осылай құрту, бізге тән қасиет пе ағайын?! Дереу іс-әрекет жасап, елге бағдарламаның шынайы бет-пердесін көрсету біздің парызымыз», – деп әнші күйінгенін жасырмады.

 

Өзі де қыз тәрбиелеп отырған өнер иесі қыздың тағдырына алаңдаулы екенін де ашып айтты.

 

«Мынадай сұмдықты, @nurbolkhan болмаса, тіпті білмей де қаламыз ғой. Ал қыздың өмірі не болды? Осындай жағдайдан кейін оқудан, жатақxанадан қуылыпты. Ата-анасы елге қарай алмай отыр екен», –деген Алтынай бағдарламаның жүргізушілер мен артында тұрған адамдарды жерден алып, жерге салды.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрболхан есімді жігіт «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге саудалаған бойжеткеннің рөл ойнағанын айтып, бағдарламаның өтірігін ашқан болатын. Ал, ток-шоудың продюсері Жангелді Таңатбекұлы пәктігін саудалаған бойжеткеннің шындығын әшкере еткен әзілкешті видео-батлға шақырды. 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары