$ 498.34  519.72  4.85

«Өз-өзіме қол салмақ болдым»: әнші Жанар Хамитова өткен өмірін баяндады (ВИДЕО)

«Super Star» байқауында жасындай жарқылдаған қазақ қызы, «Арнау» дуэтінің мүшесі Жанар Хамитова араға 11 жыл салып сахнаға оралмақшы. «Астарлы ақиқат» бағдарламасында сырын ақтарған әнші сахнадан неге алыстап кеткенін айтып берді. 

«Мен өзімнен әлдеқайда үлкен азаматқа тұрмысқа шықтым. Қазір 2 балам бар. Қазір ол кісімен ажырастым, шешімді өзім қабылдадым», - деген Жанар 18-19 жаста күйеуге шыққанын - өзгеден қолдау іздедедім деп түсіндірді. 

Өмірдің қатал сынақтарына, сынына шыдамаған сәттерінде өзіне-өзі қол жұмсамақ болып, асылып, білегін кесіп, өмірмен қош айтыспақ болғанын да айтады. 

«Өзіме-өзім қол салмақ болған сәттерім көп болды. Жиырма рет солай істеген шығармын. Өйткені, маған сын айтып, мін таққандар көп болды», - дейді әнші.

Дегенмен, бүгінгі Жанар өмірге құштар, күресе білетін батыл жан. 11 жыл күйеуінің қол астында болса, енді өз бетімен күн көруге бел байлапты. Көрермендердің «қазір күніңді қалай көріп жүрсің?» деген сауалына Жанар үй тазалаушысы, ыдыс жуушы болып істейтінін айтты. Алайда, сахналық әріптестері Жанардың шоу-бизнестің адамы екенін айтып, ән айтуды қайта бастауын талап етті.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары