$ 449.3  489.69  4.89

Тәжікстанда колониядағы жаппай тәртіпсіздіктен 30 адам көз жұмды

  Тәртіпсіздік Душанбеден 20 шақырым қашықтықтағы Вахдат қаласындағы түрмеде болған, деп жазады ТАСС

«Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қатысушы ретінде жазасын өтеп жатқан аса қауіпті 30 тұтқын колонияның 3 қызметкерін кепілге алып, қашуды көздеген.  Осы сәтте колония әкімшілігі тәртіпсіздікті тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған. 29 сотталушы мен 3 офицер оқиға орнында көз жұмды», – деп жазады. 

Мұндай жағдай бұған дейін өткен жылдың қараша айында Тәжікстанның солтүстігіндегі Худжанд қаласындағы қатаң режимдегі колонияда болған еді. Ол кезде жазасын өтеп жатқан 21 адам мен 2 қызметкер мерт болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары