24.11.2017, 11:19

Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков «таққа отырды»

Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков ресми түрде қызметіне кірісті. Жуырда өткен президенттік сайлауда ол 55 пайыз дауыс жинап, саяси науқанды жеңіспен аяқтаған болатын.

Жаңа президентті ұлықтау рәсімі "Ала-Арча" резиденциясында өтіп жатыр. Сооронбай Жээнбеков алдымен халық алдында ант берді. Мұнан кейін оған мемлекет басшысы екенін растайтын куәлік, төсбелгі және штандарт табысталды. Ал, дәл осы сәтте Бішкек орталығында үш рет артиллериядан оқ атылды.

Инаугурациядан кейін Жээнбеков Ақ үйдегі жұмыс орнына барады. Ол жерге жаңа президентті бүгін қызметінен босаған Алмазбек Атамбаев шығарып салуы тиіс.

Айта кету керек, ұлықтау рәсіміне барлығы 450 адам қатысты. Олардың қатарында шетелдік қонақтар жоқ. Қырғыз билігі қаражатты үнемдеу мақсатында шетелден ешкімді шақырмайтындарын бұған дейін мәлімдеген болатын.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.