$ 449.58  486.94  4.86

С.Жээнбеков өзге президенттер секілді билікке бала-шағасы мен туыстарын араластырмайтынын айтты

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков БАҚ басшыларымен кездесу кезінде өзінің туыстары мемлекет басшысының жұмысына араласпайтын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық тілшілері хабарлап отыр.

Оның айтуынша, қырғыздардың көбі мемлекеттік лауазымды қызметке туыстарын тағайындайды ма деп қорқады. Атап айтқанда, өзінің кіші бауыры Асылбек Жээнбековке қатысты көп сөз еретін көрінеді.

"Олар өздерінің жұмыстарын жақсы жүргізіп жатыр. Мен Ақаев пен Бакиевтің тағдырларының қалай болғанын көрдім. Мен алты жылдан кейін басымды көтеріп, адамдармен еркін кездескім келеді", - деді ол.

Асылбек Жээнбеков парламент спикері болған. Бірақ Сооронбай Жээнбеков премьер-министрлікке ұсынылған кезде, ол қызметінен кеткен. Кейін Социал демократиялық партия Сооронбай Жээнбековті президенттікке ұсынды. Қазір Асылбек Жээнбеков - парламент депутаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары