$ 514.93  536.04  5.18

Гимнастика ханшайымы Әлия Юсупова күйеуімен ажырасып кеткенін айтты

Қазақ көркем гимнастикасының қарлығашы атанған Әлия Юсупова күйеуімен айырылысып кеткенін мәлімдеді. Осы уақытқа дейін ешкімге сырын ашпаған ол Vesti.kz порталына берген сұхбатында ағынан жарылды.

«Жеке өмірім жайында айтып, күйеуім туралы әңгіме еш уақытта қозғаған емеспін. Өйткені ол жеке өзіме тиесілі. Бірақ алдағы уақытта қозғамау үшін нүкте қойғым келіп отыр. Екі жыл бұрын күеуім екеуміз ресми түрде ажырасып кеткенбіз. Ол Рио олимпиадасы қарсаңында болған еді. Бірақ менің отбасылық мәселем спортқа еш кесірін тигізген емес. Отбасылық проблемам үшін өз-өзімді тастауға болмайтын еді. Өйткені артымда екі балам және Қазақстанның бүкіл гимнастикасы тұрды. Әр оқушы менің көмегіме мұқтаж еді. Сол себептен өзімді қолға алуыма тура келді. Қазір оның басқа отбасы, баласы бар», - дейді Әлия.

Еске салайық, үлкен спорттан кеткелі бері Әлия Юсупова Шымкенттегі көркем гимнастика мектебінде басшылық етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары