$ 443.85  474.3  4.8

Жетісайлық футболшы матч кезінде кіші дәрет сындырды (ВИДЕО)

Бүгін футболдан Қазақстан кубогі жолындағы жарыстың 1/8 финалында ОҚО Жетісай қаласында жергілікті «Мақтарал» футбол клубы мен ел чемпионы «Астана» командасы кездескен болатын. Аталған матч сенсациялық есебімен ғана емес, жетісайлық футболшының матч үстінде дәрет сындыруымен де есте қалды декп жазады Sports.kz.

Матчтың 75 минутында алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Кеңесбай Шұбаев ойынға тыңнан қосылуы тиіс болған. Алайда, алаңға шықпастан бұрын ол бұрышқа барып, жұрттың көзінше кіші дәрет сындырды. Мұны куәгерлер бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілерге таратып жіберген.

Ал, матчтың өзі 3:1 есебімен «Мақтарал» клубының жеңісімен аяқталды. Енді оңтүстікқазақстандық команда ширек финалда өнер көрсететін болады. Ал, елордалық клуб аталған ойынға негізгі емес, жастар құрамын алып келгенін де айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары