23.05.2018, 15:52

Головкиннің жарнамалардан қанша табыс табатыны белгілі болды

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жарнамалық келісімшарттардан қанша табыс табатыны белігілі болды, деп жазады Vesti.kz

Жалпы жарнамалық келісімшарттар Головкинге жылына 550 мың доллар кіріс кіргізеді. Ал мексикалық Сауль "Канело" Альварес болса жарнамалық келісімшарттардан отандасымыздан 150 мың долларға кем, яғни жылына 400 мың доллар табады.

Головкин әлемнің ең танымал спортшыларының тізімінде Пакьяо мен Кличкодан озып кетті. 

Жарнамадан ең көп табыс табатын спорты америкалық "Кливленд Кавальерс" клубының баскетболшысы Леброн Джеймс. Оның жылдық табысы - 55 миллион доллар. Екінші орында америкалық гольфшы Фил Микельсон жайғасқан. Оның пайдасы 50 миллион доллар. Үшінші сатыда 45 миллион доллар табатын гольфшы айгер Вудс жайғасса, төртінші орында мадридтік "Реалдың" португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду мен атақты теннисші Роджер Федерер бөлісіп тұр. Олардың жарнамадан түсіретін табысы 40 миллион доллар.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.