$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстан көкпаршылары Өзбекстаннан жеңіліп қалды

Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан көкпар құрамасы финалға шыға алмады. Олар жартылай финалда Өзбекстаннан жеңілді деп жазады Азаттық. Есеп - 4:5.

Екінші жартылай финалда Қырғызстан құрамасы Ресейден басым түсті - 23:5. Көшпенділер ойынының көкпар жарысында Қырғызстан мен Өзбекстан алтынға, Қазақстан мен Ресей қолаға таласады.

Қазақстанның көкпар құрамасы ойындардың басында Қырғызстан тарапымен келісе алмай, жарысқа қатысудан бас тартқан. Кейін екі тарап келіскен соң жарысқа қайта қосылған.

Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2 қыркүйекте Чолпон-атада басталған. 8 қыркүйекке дейін болатын ойындарға ондаған елден үш мыңға тарта спортшы қатысып жатыр.

Қазақстан 10 алтын, 16 күміс, 18 қоламен жалпы есепте Қырғызстан (26 алтын) және Ресейден (13 алтын) кейін үшінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары