$ 444.22  476.38  4.82

Астанада Шерхан Мұртаза атындағы турнир аяқталды (ФОТО)

Алматыдағы "Бастау" клубында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жүлдесі үшін БАҚ өкілдері арасында бильярдтан турнир өтті.

Бүгін "Егемен Қазақстан" газетінің ұйтқы болуымен екінші мəрте ұйымдастырылып отырған жарыстың ашылу рəсімінде басылым басшысы Дархан Қыдырəлі мен белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларға сəттілік тіледі. Бір кереметі, дəл осы күні қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкей сынды үш бірдей қабырғалы қаламгердің туған күні. Құттықтау барысында осыны тілге тиек еткен Дархан Қыдырәлі аталған турнир аға буын мен жастар арасындағы арқауы үзілмеген рухани сабақтастықты жалғайтын алтын көпір екеніне тоқталды.

Жарыс екі жас ерекшелігі бойынша өтті. Жастар арасындағы сайыстың ақтық сынында "Ана тілі" газетінің бас редакторы Жанарбек Əшімжан мен "Жетісу" газетінің тілшісі Мəди Алжанбай кездесіп, аса шиеленісті өткен тартыс Жанарбектің пайдасына шешілді. Үшінші орынды "Қазақ радиосының" қызметкері Еділ Анықбай еншіледі.

Аға буын өкілдері арасында өткен кездесуде Жамбыл облыстық "Знамя труда" газетінің бас редакторы Бекет Момынқұл мен "Қазақ радиосының" қызметкері Ғалым Есенсариев шеберлік байқасты. Бұл бəсеке Ғалымның пайдасына шешілді. Үшінші орын үшін сайыста "Егемен Қазақстанның" қос ардагері - Мамадьяр Жақып пен Дəулет Сейсенұлы күш сынасты. Бұл ойында Мамадьяр ағаның мерейі үстем болды.

Жарыс аяқалған бетте "Егемен Қазақстан" АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырəлі жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок пен ақшалай сыйлықтар табыс етті. Сөз орайы келгенде осы турнирге халықаралық дəрежедегі төреші Юрий Пикалов қазылық еткенін айта кеткен жөн.

Ғалым Сүлеймен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары