$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда Әблязовтың ұйымын қолдаған әйел үйқамаққа алынды

Алматының Алмалы аудандық соты 15 наурызда "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысына қаржылай қолдау көрсетті деген айыппен Ақмарал Тобылова есімді әйелді үйқамаққа алды. Бұл жайында Азаттыққа әйелдің туысы Нұрбол Тобылов пен Адам құқығы бойынша халықаралық бюроның бақылаушысы Дмитрий Тихонов айтты.

1990 жылы туған Ақмарал Тобыловаға Қылмыстық кодекстің 266-бабының 1-бөлімі, яғни “қылмыстық топты қаржыландыру” бабы бойынша айып тағылып отыр. Айыпталушылардың бірі 28 жастағы дизайнер Ақмарал Тобылованың туыстарының айтуынша, бүгінгі сот процесінде адвокат Ақмаралды үйқамаққа шығаруға өтініш жасаған. Бірнеше күннен бері қамауда отырған Ақмаралдың аяғы ауыр. Сондықтан туыстары оның денсаулығына алаңдайды.

Ақмаралды полиция 13 наурыз күні қамауға алған. Ақмарал мен оның туыстарының үйлеріне тінту жасап, ұялы телефон, ноутбук сияқты заттарды тәркілеп алып кеткен. Ақмаралдың бірнеше күннен бері қамауда отырғанын айтқан туыстары оның аяғы ауыр екенін, сол себепті оның денсаулығына алаңдап отырғанын айтады.

Ақмаралдың туыстары оның ҚДТ белсендісі емес екенін, заңға қайшы ешқандай әрекет жасамағанын айтады. “Ол интернеттен видео ғана көріп, ақпараттармен танысқан, бары сол” дейді Нұртай Тобылов.

Ақмарал Тобылованың туыстары Ақмаралмен бірге тағы екі азаматтың да ұсталғанын, бүгінгі сотта оларға да бұлтартпау шарасы тағайындалуы мүмкін екенін айтады. Бірақ ол азаматтардың туысы деген кісілер Азаттыққа ақпарат беруден бас тартты.

Қазақстан билігі осы аптада Астана соты шетелде қуғында жүрген бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын экстремистік ұйым деп танып, ел аумағында қызметіне тыйым салынғанын жариялаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары