$ 444.22  476.38  4.82

Қостанайда ұйықтап жатқан ана 5 айлық баласының қайтыс болғанын таңертең білген

Қостанай облысы Сарыкөл ауылында таңертеу ұйқыдан оянған әйел баласының жансыз денесін көрген. Қайғылы оқиға 5 сәуір күні таңертең болды деп мәлімдейді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сарыкөл ІІБ-на сағат тоғыздар шамасында Сарыкөл ауылындағы үйлердің бірінде сәбидің жансыз денесі табылғаны туралы хабарлама келген.

«28 жастағы қостанайлық келіншек бес  айлық сәбиін қасына емізіп жатып қалғып кеткен. Ол баласының қайтыс болып кеткенін таңертең ұйқыдан оянғанда білген. Сарыкөл аудандық ІІБ қызметкерлері әйелдің сол күні ішімдік ішкенін анықтады», – деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөліміне («Абайсызда адам өлтіру») сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары