$ 439.43  473.31  4.82

Қуандық Бишімбаев Шымкент іргесіндегі түрмеге ауыстырылды

Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевты Астанадағы түрмеден оңтүстікке қарай алмастырды деп хабарлайды "Еуразия" телеарнасы. Экс-министрді қашып кетеді деп ойласа керек, оны тасымалдау кезінде Ұлттық гвардияның оннан астам сарбазы күзетіпті.

Бұрынғы шенеунік жазасын енді Шымкенттің іргесіндегі Ленгер қаласында  орналасқан түрмеде өтейтін болады. Бұл - аса қауіпті қылмыскерлерді ұстайтын қатаң режимдегі колония. 1976 жылы салынған ғимарат 500 сотталушыға лайықталған.

Түрменің Астанадағы түрмеден айырмашылығы жоқ, бай-бағландар үшін де ешқандай жағдай жасалмаған. Мұнда адам өлтіргені, зорлағаны үшін және ірі көлемде қаржы ұрлағаны үшін сотталғандар жазасын өтейді.

Қуандық Бишімбаевтың өзі Шымкенттің тумасы болғандықтан және туған-туыстарының осы қалада тұратындықтан үшінші мегаполиске көшіріліпті. 

Еске салайық, Ұлттық экономика экс-министрі биыл наурыз айында 10 жылға сотталған болатын. Оған бірнеше рет пара алды және сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген айыптар тағылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары