02.09.2018, 10:02

Павлодар облысында жемқорлықпен күресуі тиіс шенеуніктің өзі аса ірі көлемде пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ернұр Байғұрмановты пара алып жатқан жерінен ұстады деп хабарлайды pavon.kz.

Сонымен қатар, осы департаменттің Тергеу басқармасын басқаратын Азамат Бейсембаев пен жедел уәкіл Д.Мағзұмов та ұсталған. Олар бірігіп 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деп айыпталуда.

Күдікті үш шенеуніктің үйін және жұмыс орындарын тінтіген Бюро қызметкерлері айғақ заттарды тәркілеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Үшеуінің үстінен де аса ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, шенеуніктер параны Екібастұзда көмір өндірісімен айналысатын "Заман" компаниясының басшысы Абгушиновтан алған.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.