$ 443.85  474.3  4.8

Г.Әбдіқалықова: Латын әліпбиіне көшу – «отыздықтың» қатарына кірудің бірден-бір мүмкінді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың пікірінше, қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуі «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізудің және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден-бір мүмкіндігі. Бұл туралы ол ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талдау барысында жазды.

Мемлекет хатшысының осынау талдау мақаласы бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде «Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізі» деген тақырыппен жарияланған болатын. Онда Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы мақаласында көрсетілген тапсырмалардың қандай бағыттарда жүзеге асу керектігін ашып айтқан.

Сол тапсырмалардың бірі – қазақ жазуының кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру.

«Біріншіден, Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшуді тек бүгін ғана қозғап отырған жоқ, оны 2012 жылы жариялады. Екіншіден, Қазақстанның дамуында латын әліпбиі арқылы дамудың 11 жылдық тарихи тәжірибесі қалыптасқан (1929 – 1940 жж.). Үшіншіден, бір тілдің жалпыадамзаттық немесе былайша айтқанда, «франк лингвасы» бойынша дамуы бұл заңды әрі тарихи құбылыс. Орта ғасырларда арабтар барлық батыс еуропалықтарды осылай атады. Шын мәнінде, сол кезеңдерде франлітік билік ерекше салтанат құрды. Бұдан кейін француздардың билікке келу кезеңі басталды. Соған орай, барлығы роман тілінде сөйлей бастады. Ал, содан соң бүкіл Жер шарында отар елдері орналасқан Ұлыбританияның билеу кезеңіне ойысты. Бүгінде тарихтың жазуымен бүкіл өркениетті әлем, бірқатар бағалаулар бойынша 1,5 млрд адам осы тілде сөйлейді, өмір сүреді және дамуда. XX ғасырда біз тағдырдың талқысымен дәйекті тарихи дамудың жалпыға бірдей сүрлеуінен шығып қалдық. Қазіргі таңда біздің елімізге заманымыздың бірегей мемлекет қайраткері, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өркендеп жатқан тәуелсіз мемлекетімізді жаһандық деңгейде дамуына жол ашатын латын әліпбиіне көшудің керемет жағдайы туып отыр. Біз мұны «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізудің және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден-бір мүмкіндіктері деп білеміз», – делінген Мемлекет хатшысының мақаласында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары