$ 442.05  474.14  4.74

«Қазақстанның рухани жәдігерлері» – ұлтты ұйыстырудағы басты жоба

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі аптада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрген болатын. Мемлекет дамуының басты тетіктері көрсетілген аталған еңбекте «Қазақстанның рухани жәдігерлері» деген жобаның жүзеге асатыны туралы айтылған. Аталған мақаланы талдаған ҚР Мемлекет хатшысының пікірінше, осынау жоба ұлтты ұйыстырудағы стратегиялық міндетті орындауға бағытталған.

Мемлекет хатшысының талдау мақаласы бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде «Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізі» деген тақырыппен жарияланған болатын. Онда Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы мақаласында көрсетілген тапсырмалардың қандай бағыттарда жүзеге асу керектігін ашып айтқан.

– Біз назар аударып отырған екінші жоба «Қазақстанның рухани жәдігерлері». Мәдениет саласы материалдық және рухани құндылықтардан тұратыны өздеріңізге мәлім. Өкінішке қарай, бұған дейін елімізде киелі құндылықтарға деген тұжырымды көзқарас болған жоқ. Сондықтан, ел Президентінің бастамасы бойынша қолға алынған жоба ұлттық бірегейліктің маңызды рухани тірегі болып табылады. Әрбір халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Мәселен, ағылшындар басты храмы – Кентерберий ғибадатханасын, немістер Кельндегі рим-католик готикалық соборын, француздар Нотр-Дам-де Париді мақтаныш тұтады. Бізде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Бұлар ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені. Алайда, қоғамдық санада бұл орындар туралы бірегей ұғым мен ортақ түсінік қалыптаспаған. Сондықтан, ұлтты ұйыстырудағы аталған стратегиялық міндетті орындауда осы жобаны жүзеге асырудың маңызы аса зор, – делінген аталған мақалада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары