$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысының өнімдері экспортқа шығарылуда

Алматы облысында экпортқа бағытталған 40-тан астам кәсіпорын бар. Өңірдің экспорт бойынша негізгі серіктестері - Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты таяу шетелдер.

Дегенмен Елбасы Жолдауындағы міндеттерге сәйкес бүгінгі күні алыс шетел нарығына жол ашуға да қадамдар жасалуда. Мәселен, бұған дейін көрші мемлекеттерге өнімін жөнелтіп жүрген фармацевтикалық «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС биылғы жылы алыс шетел нарығын бағындыра бастамақ. «Қайнар АКБ» кәсіпорны төл өнімі «BARS Asia» аккумуляторларының алғашқы легін Африка континентіне жеткізген. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен актив жиынында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар айтты.

Ж. Омардың сөзіне сүйенсек, Жолдау міндеттеріне орай әзірленген облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі жұмыстар атқарылуда. «Экпорт – 2020» бағдарламасына кәсіпорындардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр. Аудан, қала әкімдерімен бірлесіп экспортқа шығуға әлеуетті кәсіпорындардың тізбесі әзірленіп, оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін экспортты қолдау шаралары туралы ақпараттар жолданған. Облыста бүгінгі күні экспортқа бағытталған жаңа инвестициялық жобалар - фармацевтикалық, ет өңдеу, автокөлік майын өндіру жобалары белгіленіп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары