$ 447.4  477.55  4.76

Алматы облысында мұғалімдердің білімін жетілдіру жалғасады

Білім беру саласының жаңа заман талаптарына сай дамуына жағдай жасау мақсатында Алматы облысында 6300-ден астам педагог біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының орындалу барысы туралы өткен актив жиынында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді.

Баяндамашының айтуынша, 2017 жылы білім берудің жаңа жүйесімен тағы 800-ге жуық мұғалім, сол сияқты 1 мыңнан астам мектеп жаттықтырушылары мен 426 мектеп басшылары оқытылады деп жоспарланған.

Бұл оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілетін ұштау мен ақпараттарды өз бетінше іздеу машығын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға, заманауи технологиялар мен жаңалықтарға жылдам бейімделуге өз ықпалын тигізетін болады.

Жиында үш тілде оқыту, ауылдық жерлердегі мұғалімдердің сапалық құрамын арттыру мақсатында оларды ынталандыру, маман жетіспеушілігі мәселесінің шешімін қарастыру және т.б. осы мазмұндас міндеттер кеңінен сөз болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары