$ 441.66  475.14  4.86

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасын пайдаланыңыз!

Былтыр маусым айында тұсауы кесілген «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық қосымшасына қазақстандықтармен бірге шетелдіктерді қызығушылығы артып отыр. Аталған жоба заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен қолжетімді танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әзірленген.

Сандық қосымшаны тұсауын сол кездегі ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың өзі кескен болатын. Сандық қосымшаны таныстыру кезінде Е. Ыдырысов атап өткендей, жаңа өнім ҚР Сыртқы істер министрлігі атқарған ақпараттық-имидждік жұмыстың нақты жемісі және Бес институционалды реформалар аясында атқарылатын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберіндегі 87-ші «қадамды» жүзеге асыруға елеулі үлес болып табылады.

Қосымша құрамында Қазақстан туралы бірегей кешенді ақпарат жиналған, ол сандық технологиялар саласындағы алғашқы өнімдердің бірі. Қосымшада қолданылған көптеген фотосуреттер мен бейнематериалдар эксклюзивті болып табылады және де бұған дейін жарияланбаған. Әзірлеуші әр материалдың техникалық және көркемдік сапасына жоғары талаптар қойған.

Қазақстандықтар үшін бұл қосымша Отанымыз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып саналады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017».

Қосымша Windows, Apple, Android  жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар. Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фотографтар, видеооператорлар, дизайнерлер, программистер, жалпы – 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым.

Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы  жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына – Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары