$ 448.56  478.03  4.79

Алматы облысында үкіметтік емес ұйымдардың консалтинг орталығы ашылды

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру аясында Талдықорған қаласының Баспа үйінде Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарының консалтинг орталығы ашылды. Бұл әлі басқа облыстарда жүзеге аспаған жоба.

Орталыққа Елдар Сапаров жетекшілік етеді. Атқаратын міндеті ұшан-теңіз. Орталығының ықпалымен ҮЕҰ деректер базасына тіркеліп, мемлекеттік тапырыс бойынша әлеуметтік конкурстар, гранттар және премиялар туралы ақпаратқа қол жеткізетін болады. 

Тағы бір ерекшелігі орталық үш бағыт бойынша қызмет көрсететін борлады. Атап айтсақ, ақпараттық қолдау, техникалық қолдау және кеңңңестік қолдау. Бұл өз кезегінде келушілердің басты талаптарына орай қарастырылған жағдай.

Орталықтың ашылу рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысып, жұмыстарына жеміс тіледі. Өз кезегінде ол облыс аумағында 971 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) бар екенігін айтып, олардың тек 250-і ғана белсенді жұмыс жүргізіп жатқандығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Баспа үйінде Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен Алматы облыстық саяси партиялары филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Бұл да облыс халқы үшін қуанышты хабар.

Д.Жұмақұлова

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары