$ 444.14  477.05  4.85

Талдықорғанда мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған шара өтті

Бүгін Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында ішкі саясат, білім басқармасының және Талдықорған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚР мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай мемлекеттік рәміздері насихаттау, жастар арасында патриотизмді, дәріптеу мақсатында салтанатты шара өтті. «Мемлекеттік  рәміздер – елдігіміздің  нышаны» деген атаумен өткен жиынға ҚР Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, «Құрмет» орденінің иегері Ж.Мәлібеков, облыс ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар, студенттер, ұстаздар, әскерилер, және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шара мемлекеттік рәміздер туралы бейнеролик көрсетумен басталды. Қазақстанның ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздігін алғандығын паш ететін киелі қазынасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік  рәміздері салтанатты түрде сахнаға шығарылды, ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалды.

Мемлекеттік Елтаңбаның  авторы Ж.Мәлібеков мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына байланысты Алматы облысының жұртшылығын құттықтап, жастарға үлкен сенім артып, игі тілектерін білдірді.

Мемлекеттік рәміздер туралы жастардың орындауында жүрек жарды өлеңдер оқылды, патриоттық әндер орындалды.

Осы шарадан бастап мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған декада бастау алды. Барлық аудан, қалаларда 55 патриоттық салтанатты ірі шаралар өткізілетін болады.

Сондай-ақ, жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына  арналған «Туған жерге туыңды тік» атты  жастар марафоны бүгін бастау алды.

Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлы джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы, WAFC тұжырымы бойынша панкратионнан Еуразия чемпионы Бейбіт Назаровқа Мемлекеттік Туды табыс етті. 25 мың шақырымға созылатын марафон аудан, қалаларды қамтиды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары