$ 444.22  476.38  4.82

Талдықорғанда Елбасының мақаласы талқылады

Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру жұмыстары бүгінде республика аумағында басталып та кетті. Елбасының осынау ауқымды еңбегі күні бүгін Алматы облысының әкімдігінде талқыланды.

«Мәдени-рухани жаңғыру» деген тақырыппен өткен жиынға Алматы облысының туризм басқармасы, жастар саясаты басқармасы, Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы, білім басқармасы және І.Жансүгіров атындағы ЖМУ басшылығы қатысты.

Басқосу барысында Президенттің мақаласын талқыланып қана қойған жоқ, мамандар ондағы тапсырмалардың жүзеге асу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, өзара меморандумға отырып, жоспарланған жұмыстарды бірлесе атқаруға уағдаласты.

«Елбасымыздың мақаласында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күш-қайратымызды жұмсауға тиіспіз. Сіздерді де осы бағытта әріптестік танытып, бірлесе жұмыс істеуге шақырамын. Бүгінгі меморандум алдағы атқарылатын шаруалардың бастамасы боларына сенімдімін» - деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Ж.Әбдуалиев жиын соңында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары