$ 444.22  476.38  4.82

Аттестаттаудың екінші кезеңі өтті

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15-қадамында бес интитутционалдық реформаларды тиімді жүзеге асыру мақсатында қазіргі таңдағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестатциялаудан өткізу керектігі тоқталды. Мемқызметшілерді кешенді тестілеудің басты мақсаты − мамандардың кәсіби дайындығы мен білім мен біліктілігінің өз лауазымына сәйкестігін анықтау болып табылады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттаудың ережелері бекітілген болатын. Мұнда мемқызметкерлерді аттестациядан өткізу тәртібі, мерзімі және аттестатталушылардың категориясы жіті көрсетілген. Осы орайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдарда шамамен 11 мың адамның қатысуымен 130 семинар-кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізді.

Өз кезегінде, мемлекеттік органдармен көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандырылуын арттыру мақсатында 418 семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар және өзге де іс-шаралар өткізген. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, мемлекеттік органдарда, ЖОО-да, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа да ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта екі жүзге жуық іс-шара өткізілген. www.adaldyk.kz сайты арқылы 179 заңды және 948 жеке тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы ашық Келісімге қосылып, жүзден астам бірлескен іс-шара өткізген. Алматы қаласының орталық көшелерінде әлеуметтік билбордтар орнатылған. Заңнамаға сәйкес, Департаментпен мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың субъектілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген. Мониторингпен 59 мемлекеттік қызметтер қамтылып, 30 ұсыным енгізілген.

Сонымен қатар, аталмыш Департамент биылғы жылдың 1 ақпаннан бастап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудың екінші кезеңі басталып, соңына жеткенін хабарлайды. Аттестаттау мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен үш кезеңнен өткен. Бұл бағалау парағын жасау, жеке тұлғалық құзыреттілігін бағалауға тестілеу және аттестаттау комиссияларында әңгімелесу. Аттестаттаудың бірінші кезеңінде әрбір аттестаттаудан өтушіге бағалау парақтары қалыптастырылады. Мұнда оның білімі, жұмыс өтілі, шет тілдерді білуі, марапаттаулар мен жазалар туралы мәліметтер, сондай-ақ негізгі лауазымдық міндеттері және қызметтік мінездеме көрсетіледі. Екінші кезеңде мемлекеттік қызметшілер жеке тұлғалық құзыреттілігін бағалауға тестілеуден өтеді. Жеке тұлғалық құзыреттіліктерін бағалау – бұл мемлекеттік қызметшілердің оларға жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті құзыреттіліктерін анықтауға бағытталған жаңа құрал.

«Екінші кезеңде тестілеуде Алматы қаласы мемлекеттік қызметкерлерінің 3400 адам тестілеуден өтті. Мұнан кейін мемлекттік орындарда сұхбаттасу кезеңі жүргізілді. Жалпы, бұл аттестациялаудың негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан кетіру емес. Олардың құзыретін анықтау, деңгейін құзыретін анықтау. Қай бағытта жұмыс жасау керек екендігін, қай бағытта құзыреттілікте дамыту керек екендігін анықтау»,- деді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басқарма басшысының міндетін атқарушы Марат Досымбек.

Айдана Нұрмахан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары