$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында «Парыз» байқауына жұмыстар қабылдануда

Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, бизнес өндіріс пен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік танымды бірлесе дамытуы тиіс. Бұл бағытта алдыңғы қатарлы үлгілерді жария ету мақсатында 2008 жылы  президент корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі «Парыз» арнайы сыйлығын тағайындаған. Яғни, биыл осынау байқауға он жыл толып отыр.

- «Халқымызда «парыз» сөзі ерекше мағынаға ие. Кәсіпкерлік саласында бұл бизнестің ұжым, аудан, мемлекетке деген әлеуметтік жауапкершілігін анықтайды. Сондықтан, өңір кәсіпкерлерін байқауға қатысуға шақырамыз, - деді А.Оңғарбаева.

Ол биылғы байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындардан өтінімдер көбірек тсіп зжатқанын да жасырмады.

Баспасөз конференциясында Еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары Мұрат Мәдіғұлов байқауға жыл сайын 50-ден астам компания қатысатынын айтты. Әр жылдары жеңіске жеткендер бизнес субъектілері қатарында «Алматы қанты», «Нусипов и К» ЖШС, «JTI» компаниялар тобы, «Тамас» ЖШС, «Әділ» ШҚ, «ТК Интеграл» ЖШС, «ТАТЭК» АҚ бар.

«Өткен жылы облысымыздан екі кәсіпорын республикалық конкурстың лауреаттары атанды. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында ірі кәсіпорындар арасында екінші орынға «ТК Метакон» иеленсе, «Экологияға қосқан» үлесі үшін» «ТАТЭК» АҚ үшінші орын бұйырды», - деді ол.

Байқауға өтінімдер және лауреаттарды анықтау үш түрлі субъект категориясы (ірі, орта, шағын) және 4 аталым бойынша анықталады. Олар – «Үздік ұжымдық шарт», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін».

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталамында өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың қызметі қаралады (еңбекақыны және төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасаған кәсіпорындар арасында анықталады.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық)  бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Еске салып өтсек, байқауға қатысу үшін кәсіпорындар өтінімі осы жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары