$ 448.15  483.46  4.86

Жетісу журналистері ағылшын тілін үйренуде

Алматы облысының журналистері ағылшын тілін меңгеруге кірісіп кетті. Бұл туралы облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының кеңесшісі Әсем Тоқтасын өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында мәлімдеді.

Баспасөз жиынында  Ә.Тоқтасын «SLICE OF ENGLISH» жобасы туралы айтып берді. Аталған жоба Елбасының «Тілдердің үштұғырлығы» саясатын қолдап, мемлекеттік қызметкерлердің  ағылшын тілін «Elementary» деңгейіне жеткізуге бағытталған.

Бұл жоба үштілділік арқылы Қазақстанды алдыңғы қатарлы әлемдік дамыған елдердің санатына енуге жетелейді. Себебі Елбасымыз айтып кеткендей: «қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».  

Жоба аясында қызыметкерлер теория түрінде алған білімдерін, практика жүзінде өздерінің бағыттарында пайдаланатын болады. Оқыту “көрнекі-ақпараттандыру” әдісімен өтеді. Мекемеге үлкен стендтер орнатылып, стенд қалташаларына күн сайын жаңа сөздер еңгізіліп отыратыны айтылды.

 «Жүргізіліп жатқан жобадан күтілетін нәтижелер көп. Ол журналистердің ағылшын тілін оқуға қызығушылығының артуы, есте сақтау қабілеттерінің жоғарылауы және ағылшын тілінде ақпарат беру алу мүмкіншілігі. Егер жақсы қорытынды шығып жатса, жұмыс уақытынан тыс түрлі тренингтар өткізетін боламыз», - деді Тоқтасын Әсем.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары