$ 444.22  476.38  4.82

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына бір ғана Астрахань облысынан 2 мың делегат келеді

22 маусымда Астанада өтетін Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайына бір ғана Астрахань облысынан (Ресей Федерациясы) 2 мың делегат келеді деп күтілуде. Бұл туралы Хабар-24 арнасы хабарлады.

Бүгінде аталған облыста 150 мыңдай қазақ тұрады. Төрт ғасыр бойы тілі мен дәстүрін сақтаған қазақтар тығыз шоғырланған аудандарда 27 мектепте қазақ тілі оқытылады. Таяуда Атыраудағы облыстық филармония концерттік бағдарламамен Астрахань облысын араласа, Астраханьдағы «Құрманғазы» ансамблі  Оралға барып өнер көрсетіп қайтты.

Эдуард Ысқақов, «Құрманғазы» қоғамдық қорының директоры:

- Біз Қазақстандағы барлық құрылтайларға қатысып келеміз. Қазақтар әлемнің барлық мемлекеттеріне дерлік тараған. Олар ана тілін, туған тарихын қалай сақтап келеді. Шет елдерде тұратын қазақ жастарына патриоттық тәрбие берудің қандай тың тәсілдері бар. Міне, осы мәселелерді алдағы жалпы қазақ басқосуында талқылайтын боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары